Show the page in: Kazakh/Қазақ Reset

Қазақстандағы «Liebherr» компаниясы

«Liebherr Kasachstan TOO» сату және қызмет көрсету компаниясы ретінде 2013 жылдың қараша айында құрылды. Бүгінгі күнде компанияның Алматы және Атырау қалаларында екі кеңсесі бар. Бас кеңсе Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Іле Алатауының баурайында, елдің ең үлкен қаласы - Алматыда орналасқан. Теңіз крандарының өнімдері Батыс Қазақстандағы Атырау мұнайлы өңірінде қызметтік пайдаланыста. Компания негізінен Қазақтың теңізге шығар қақпасы – Ақтау портына және оның көп мақсатты терминалы – Ақтау Теңіз Солтүстік терминалына, сонымен қатар Қашаған теңіздік мұнай кен орнына теңіз крандары мен порт жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді жеткізу және техникалық қолдау көрсету қызметімен айналысады.

«Liebherr Kasachstan TOO»

Компанияның қызметі - «Liebherr» өнімдерін, соның ішінде теңіз крандары, порт жабдықтары мен, шынжыр табанды крандар, сондай-ақ бетон техникасы өнімдерін сату. Сонымен қатар, «Liebherr Kasachstan TOO» осы өнімдер бойынша кәсіби техникалық қолдау көрсетеді. Және де компания Қазақстан экономикасының және көлік логистикасына стратегиялық бағыт беру арқылы елдің трансконтиненталдық маршруттарының дамуына өз үлесін қосуда.

Мекен-жайы

Liebherr Kasachstan TOO

Dzhandosov str. 98

050042 Almaty

Қазақстан Республикасы